Бүгін А.С. Макаренко атындағы орта мектепте 1-11 сынып оқушылары арасында оқу жылының аяқталуына арналған "Білімім – Отанымa!" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, оқушылардың бойында отансүйгіштік рух пен ұлттық бірлік сезімін оятты. 2024–2025 оқу жылы "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының жаңартылған мазмұны негізінде жүзеге асырылып, білім алушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға, академиялық адалдықты нығайтуға және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдануға бағытталды.Жыл бойына оқу-тәрбие жұмысы басты құндылықтарға негізделіп құрылды.
Осы бағытта әр ай тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған мазмұнды іс-шаралармен ерекшеленді. Оқушылар "Қамқор", "Еңбегі адал – жас өрен", "Шабыт", "Ұшқыр ой алаңы", "Smart Bala", "Балалар кітапханасы" сынды жобаларға белсене қатысып, әлеуметтік белсенділіктерін, шығармашылық қабілеттерін, еңбекке деген қызығушылықтарын арттырды."Білімім – Отанымa!" атты тәрбие сағатында оқушылар: білімнің ел болашағы үшін маңызын түсініп, өз үлесін қосуға дайын екенін көрсетті, шығармашылық жұмыстарын, патриоттық ой-толғамдарын, эсселерін ортаға салды. Сонымен қатар, оқу жылының соңында өткізілген "Мектебім, саған мың алғыс!" атты мектеп бітіру іс-шарасы – түлектер үшін ерекше тарихи сәт болды. Бұл – әрбір жас түлек үшін ересек өмірге қадам басар, Отанға адал қызмет ететін азамат болуға ниет білдірер маңызды күн. Шара барысында түлектер ұстаздарына, мектебіне алғыс білдіріп, ел болашағы жолындағы жауапкершілікті сезіне отырып, жаңа өмірге сеніммен қадам басты. Мектептің үздік оқушылары мен белсенділеріне мақтау қағаздары табысталды, бұл – олардың табандылығы мен еңбегінің лайықты нәтижесі. Барша оқушыларды, ата-аналарды және ұстаздарды осы оқу жылының табысты аяқталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жетістіктер мен жарқын болашақ жолында бәріңізге сәттілік тілейміз!